Полиция қызметкерлері 5 үкі балапанын құтқарды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 мамыр
Полиция қызметкерлері 5 үкі балапанын құтқарды

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 26 мамырда Ибин қаласының қоғамдық қауіпсіздік мекемесінің Цуипин аумағындағы полиция бөлімшесінің қызметкері жергілікті тұрғынның үйінен бес үкі баласын құтқарды.

Ақпаратқа сәйкес, сол күні суға түспек болған Ван мырза жуынатын бөлмедегі ауа сорғышты қосқанында, жоғарыдан құстың шырылдаған дауысын естиді. Ван мырза төбені ашып қарап, 5 үкі балапанының желдеткіш парағына таяу тұрғанын байқайды. Осыдан соң үй иесі полицияның көмегіне жүгінеді.

Хабар алғаннан кейін жергілікті полиция бөлімшесінің кезекші бастығы Ван Дунхуа бірден Ван мырзаның үйіне әріптестерін бастап апарады. Жаралануға шақ қалған 5 үкі балапанын құтқарып, оларды полиция бөліміне алып келеді. Одан соң жабайы табиғатты қорғау бөлімшесіне хабарласады.

Жабайы табиғатты қорғау қызметкерлерінің растауы бойынша, бұл 5 балапан екінші деңгейдегі ұлттық қорғалатын жануарлар санатына кіреді. Үкінің чисяо және сюлю тұқымдастар тобынан екен.

Қазіргі уақытта үкі балапандары жабайы табиғатты қорғау станциясына табыс етілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото