Цилянь тауының қойнауындағы Қара көлде сирек кездесетін хайуанаттар саны көбейіп келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 маусым
Цилянь тауының қойнауындағы Қара көлде сирек кездесетін хайуанаттар саны көбейіп келеді

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мамыр айының соңында Цинхай өлкесінің Хайси Моңғұл, Тибет автономиялық облысында орналасқан Қара көл әдемі әрі тылсым. Облыс тілшілері Қара көлінің маңында Ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын 200-ден астам жабайы қодастарды суретке түсірді. Жабайы қодас - Цинхай-Тибет үстіртінің кіндігінде өмір сүретін, осы үстіртке тән жануар. Қодастардың табын-табынымен мұндай ауқымды түрде көзге түсуі өте сирек кездесетін құбылыс. Цилянь тауының қойнауына орналасқан Қара көлдің ауданы Цинхай көлінен кейінгі екінші орында. Алыс географиялық орналасуына байланысты оны «Жер шарындағы соңғы көз жас» деп атайды. Қара көлдің маңындағы жан баласы баспаған иен дала жабайы хайуанаттардың жаннат мекені. Онда аю, жабайы қодас, Тибет түлкілері, Тибет жабайы есектері сияқты сирек кездесетін жабайы хайуанаттар тіршілік етеді. Бұл жолы тілші көптеген сирек кездесетін жабайы хайуанатты фотоға түсірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото