Си Цзиньпин: Қытай ұлтының заманауи өркениетін құлшына құрайық

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 2 маусымда Бейжіңдегі мәдени мұра және даму жиналысына қатысып, сөз сөйледі. Ол жаңа дәуірдегі біздің жаңа мәдени борышымыз - тың бастамада мәдениеттің өркендеуін жалғастыру, мәдениеті құдыретті ел құру және Қытай ұлтының заманауи өркениетін құру екенін атап өтті. Біз өзімізге деген мәдени сенімділікті арттырып, өз заманымызға тиесілі жаңа мәдениетті құру және Қытай ұлтының заманауи өркениетін құру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек екенін де жеткізді.

Жиналыс басталмас бұрын Си Цзиньпин Қытай Ұлттық мұрағатына және Қытай тарих академиясына барып, қызметтік тексеруде болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото