Чэнду Универсиадасының эмблемасы, тұмары, алауы және медальдары көрсетілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 маусым
Чэнду Универсиадасының эмблемасы, тұмары, алауы және медальдары көрсетілді

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2 маусымда өткен «Чэнду Универсиадасының қалалық жарнамасы» сериясының баспасөз мәслихатында 31-інші Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарының эмблемасы, тұмары, алауы және медалі көрсетілді.

Эмблеманың негізгі дизайны дүниежүзілік универсиадаларға сәйкес келетін ағылшын тіліндегі бірінші «U» әрпіне негізделген. «U» халықаралық Универсиада логотипінің элементтеріне сәйкес келетін төрт градиентті түсті блокқа бөлінген.

«Рунбао» тұмары Чендудағы панд ғылыми-зерттеу базасындағы «Джима» пандасы негізінде жасалған. Тұмардың басты беті дәстүрлі өнердің қазынасы саналатын Сычуань операсына сәйкес жобаланған.

Алау универсиаданың көрнекті түс блоктарының түрлі-түсті градиенттерін пайдаланып, Чэндудың ынта-жігерін, өміршеңдігін және сән сипаттамаларын көрсетуге, сондай-ақ студенттердің жастық жалынын бейнелеуге негізделген.

Медальдың жалпы дизайны Чэнду Универсиадасының эмблемасына және Күн құсы тотеміне негізделген. Медаль бейнесі Күн құсының арманға қанат қағу үмітін бейнелейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото