«Спорт + туризм» жаңа өмірлік күшті тасқындатты (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 маусым
«Спорт + туризм» жаңа өмірлік күшті тасқындатты

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы Қытай Такламаканды айналу (халықаралық) раллиі және Қытай автомобиль ралли чемпионаты Шыңжаң бөлімше станциясы жарысы 20 мамырда Шыңжаңның Ақсу аймағында басталып, 1 маусымда Хотан аймағында аяқталды. Бұл іс-шараның жалпы аумағы Ақсу аймағы, Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысы, Қашқар және Хотан аймақтарын басып өтті. Жалпы жол ұзындығы 4200 шақырымды құрады.

Мемлекеттік спорт басқармасы бағалаған «Қытайдағы ең үздік он спорттық туризм іс-шарасының» бірі ретінде Такламаканды айналу раллиі жарысының өтуі жергілікті билік ұйымдарымен бірге, спорттық туризмнің терең интеграциясына ықпал етті. Адамдарға пайда әкелетін туризм, ауылшаруашылық өнімдерінің көрмелері мен сатылымдары, театрландырылған қойылымдар, дәмді тағам фестивальдері және басқа да іс-шаралар арқылы әртүрлі туристік ресурстар көпшілікке ұсынылып, туристік тәжірибені байыта түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото