«Шэньчжоу-15» ғаршкерлер экипажы Бейжіңге оралды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 маусым
«Шэньчжоу-15» ғаршкерлер экипажы Бейжіңге оралды

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшу міндеттерін сәтті аяқтаған ғарышкерлер экипажы 4 маусымда Бейжіңге аман-есен келді. Ғарыш станциясын қолдану және дамыту кезеңіндегі ұшу бас қолбасшылығының басшысы әуежайдан ғарышкерлер экипажын қарсы алды.

Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметіне сәйкес, Бейжіңге келгеннен кейін үш ғарышкерге оқшаулану және қалпына келтіру кезеңі белгіленеді. Олар жан-жақты медициналық тексеруден, денсаулық жағдайын бағалаудан өтіп, оңалту демалысында болады. Осыдан кейін ғарышкерлер Бейжіңде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездеседі.

Еске сала кетсек, 4 маусымда «Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесінің қайтарылатын кабинасы Ішкі Моңғұлдағы Дунфэн қону алаңына сәтті қонып, «Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшу міндеттері толық табыспен аяқталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото