- Барлық ақпарат
Шаньдунның Рунчэнында теңіз балдырларынан мол өнім алынды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 маусым
6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 4 маусымда Шаньдун өлкесінің Рунчэн қаласы Ландао қалашығындағы теңіз балдырлардың көбею аймағында қауырт кезең басталды. Мұндағы жұмысшылар қолайлы ауа райын пайдаланып, балдырларды жинауға асықты. Балдырларға толы балық аулайтын қайықтар мен сампандар портқа келіп, ұшан теңіз балдырларды түсірген көрінісі керемет.
Мәліметтерге сәйкес, Рунчэн қаласы елдегі ең ірі теңіз балдырларын өндірушісі аумақ, ол «Қытайдың теңіз балдырлар мекені» ретінде танымал. Балдырлар өсіру аймағы 150 000 му аумақты алып, өсіру алаңы мен өндіріс көлемі елде бірінші саналады. Балдырлардың орташа жылдық өндірісі Шаньдун өлкесіндегі жалпы өндірістің 80%-ын, ал бүкіл ел бойынша балдыр өндірісінің 40%-дан астамын құрайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online