Вьентьян қаласында Халық газеті мен Лаостық БАҚ «Бір белдеу, бір жол» құрылысы туралы бірлескен сұхбатын бастады (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 маусым
Вьентьян қаласында Халық газеті мен Лаостық БАҚ «Бір белдеу, бір жол» құрылысы туралы бірлескен сұхбатын бастады

8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- маусымның 6-сында Лаостың астанасы Вьентьян қаласында Халық газеті және Лаостық БАҚ-ның «Бір белдеу, бір жолды» бірге салу туралы бірлескен сұхбатының басталу рәсімі өтті. Бұл Қытай мен Лаостың жетекші БАҚ-тарының «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы бойынша жүргізген тұңғыш ортақ сұхбаты.

Лаос Халықтық революциялық партиясының орталық үгіт-насихат басқармасы министрінің орынбасары және «Lao Pasaxon» газетінің бас редакторы Vansay Tavinyan, Лаос ақпарат, мәдениет және туризм министрінің орынбасары Phosy Keomanivong, Лаос журналистер қауымдастығының төрағасы Savankhone Razmountry, Лаостағы Қытай елшілігінің өкілдері және Халық газеті журналистері, сол сияқты Лаостың «Lao Pasaxon», «Вьентьян Таймс» газеттерінің, Лаос ұлттық ақпарат агенттігінің, Лаос ұлттық теледидары және басқа да екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері сұхбаттың басталу салтанатына қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото