- Барлық ақпарат
Шэньчжэньде мәдени көрме ашылды
8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 7 маусым күні Шэньчжэньде Қытайдың мәдени индустриясының 19-ыншы халықаралық көрмесі (Шэньчжэнь) ашылды. Көрмеге Америка Құрама Штаттары, Таиланд және Австралия сияқты 50 елден және аймақтардан 300-ден астам шетелдік экспонаттар онлайн және офлайн әдісімен қатысып, халықаралық экспонаттар саны жаңа деңгейге жетті.
Сонымен қатар, көрмеге 100-ден астам елдер мен аймақтардан 20 000-нан астам шетелдік кәсіби көрермендер келді. Көрмеге алғаш рет Француз өнеркәсіптік дизайн қауымдастығы мен Қытай-Француз брендтік эстетика орталығы қатысты.
Мәдени көрме алаңынан озық технологиялық элементтерді көруге болады. Метаверс технологиясы, жасанды интеллект, виртуалды адамдар, VR... «Цифрлық технологиялар+мәдениет» ықпалдастығы жаңа және қызықты тәжірибелері мен қолдануға оңтайлы интерактивтімен көрермендерді ерекше қызықтырды.
people.cn © People's Daily Online