- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Ішкі Моңғолдағы қызметтік тексерісте жасыл даму принципін қатаң ұстануды тапсырды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 маусым
9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғолға сапары кезінде Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин Ішкі Моңғолдын жасыл даму жолын қатаң ұстанып, Қытай стиліндегі модернизацияның жаңа тарауын жазуға ұмтылуы керектігін атап өтті.
Сәрсенбі күні түстен кейін Хух-Хото қаласындағы Чжунхуань индустриалды паркіне барған кезде, Си Цзиньпин жасыл дамудың бірден-бір бірегей жоба екенін баса айтты. Дәстүрлі энергетика саласын қайта құру мен жаңғыртуға жәрдемдесу, «жасыл» энергетиканың қуатын арттыру, сондай-ақ елдің маңызды энергетикалық базасын кеңейту мен нығайту Ішкі Моңғолды дамытудың басты басымдықтары болып табылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online