Хэнань өлкесінде дрондармен жарықтандыру фермерлердің түнделетіп бидай жинауына мүмкіндік берді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 маусым

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамыр күні Хэнань өлкесі Чжумадиань қаласы Чуешань ауданында бірнеше күн тоқтаусыз жауған жаңбыр толастап, фермерлер түнделетіп өнімдерін жинай бастады. Алайда, түн қараңғылығы егін жинау тиімділігін төмендетті. Zhumadian Power Supply Company диқандардың қиыншылығын білгеннен кейін, түнделетіп егін оратын фермерлер мен комбайнерлерге жарықтандыру қызметін көрсету үшін шұғыл қолдау тобын жіберді.

Фермерлерге түнгі жарықтандырудың қажеттігі туралы хабар алғаннан кейін, энергиямен жабдықтаушы компания шапшаң шешім қабылдады. Бірқатар ірі энергиямен жабдықтаушы компаниялар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жарықтандыру жабдықтарын және уақытша электр тарату аспаптарын іске қосуға кірісті. Сөйтіп, «дронды жарықтандыру» арқылы егін жинау мүмкіндігі туды.

Қазіргі уақытта Zhumadian Power Supply Company түнде бидай жинайтын фермерлерге жарық беру үшін, 200 дрон операторы мен 100 ұшқышсыз аспабы бар 20-дан астам түнгі дронды жарықтандыру топтарын құрды. Олар бұйрықты орындауға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото