Технологиямен жабдықталатын қытайлық автомобильдер

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 маусым
Технологиямен жабдықталатын қытайлық автомобильдер

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- FAW hongqi Prosperity Factory Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласында орналасқан, жылдық стандартты өндірістік қуаты 240 000 автомобильге жетеді. Бұл - заманауи, интеллектуалды және экологиялық таза зауыт.

Prosperity Factory озық және интеллектуалды сипаттамаларға ие. Зауыттың автоматтандыру деңгейі халықаралық деңгейге жетті, сонымен бірге ол A-класты автомобильдерден C-класты автомобильдерге дейін толық икемді және шектеусіз модельдер шығаруды жүзеге асыру үшін жетекші «адаптивті өндіріс тізбегі» тұжырымдамасын біріктірді.

Сонымен қатар компания егіз цифрлы фабриканы дербес салды және цифрлы модельдеу технологиясын енгізді. Технологиялық жоспарлаудан бастап пайдалануға беруді тексеруге дейін бүкіл үрдістегі 173 сынақты 100% толықтай цифрлы модельдеумен жүзеге асырады.

«Prosperity Factory миллиондаған деректер жинау нүктелеріне қосылған интеллектуалды орталық басқару жүйесін енгізді, ол нақты уақыт режимінде аппараттық деректерді жинайды және бақылайды, өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын айтарлықтай жақсартады», - деп таныстырды Қытайлық FAW-дің жауапты тұлғасы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото