Қытай ғалымдары кайнозой қазбалары туралы әлемдегі он еңдік зерттеуді жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 маусым
Қытай ғалымдары кайнозой қазбалары туралы әлемдегі он еңдік зерттеуді жариялады
Хэчжэн жабайы қойының еліктеме фотосы

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Ғылым академиясының ежелгі омыртқалы жануарлар мен ертедегі адамдарды зерттеу институты Ганьсу өлкесі Линься дүңген автономды облысының Хэчжэн ауданында кайнозой қазбалары бойынша әлемдегі он еңдік зерттеуді жариялады.

Қытай Ғылым академиясының ежелгі омыртқалы жануарлар мен ертедегі адамдарды зерттеу институтының директоры Дэн Тао Линься ойпатында табылған он кайнозой қазбасы әлемдегі еңдік деп ұсынды. Олар: ең ірі құрлықтағы сүтқоректілердің - алып мүйізтұмсықтардың тіршілік ортасы; күрек тісті пілдің ең бай қазбасы; ең үлкен қазба үшаяқты жылқы тұқымдас жануарлар тобы; ежелгі Саванна сахарасы; ең үлкен гиена-алып гиена; бірегей Хэчжэн жабайы қойлары; аюлардың ең жақын атасы -  tedfordi аюының бабасы; ең ертедегі дауысты құсы - Хэчжэн қырғауылы; сақталған уақыты ең көне ақуыз; ең үлкен жылқы - Эйзенман жылқысы. Олардың ішінде ең ұзақ сақталған ақуыз 6,5 миллион жыл бұрын Линься ойпатында табылған түйеқұс жұмыртқасының қалдықтарында кездесетін ақуыз тізбегін білдіреді, бұл 3,8 миллион жыл бұрын Африкадағы Танзания түйеқұс жұмыртқасының қалдықтарында сақталған ақуыздан да ерте.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото