Әлемдегі алғашқы құмды шөлді айналған теміржол арқылы Шыңжаңдағы өзгерістерге куә болыңыз (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 маусым
Әлемдегі алғашқы құмды шөлді айналған теміржол арқылы Шыңжаңдағы өзгерістерге куә болыңыз

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Өткен жылы маусымда Хотан-Чарқылық теміржолы бұрын ашылған Голмуд-Корла теміржолымен және Оңтүстік Шыңжаң теміржолымен «Қол ұстасу» арқылы, Такламакан шөлін айналып жатқан темір жол желісін құрады. Бұл сонымен қатар жалпы ұзындығы 2 712 шақырым болатын әлемдегі алғашқы шөлді теміржол желісі.

Бір жылдан кейін де Такламакан шөлі бұрынғысынша кең байтақ болып, жан жағын қымтап жатты, ал оны қоршап жатқан теміржол қала мен ауылды біріктіріп, адамды қызықтыратын өзгерістер ала келді.

Хотан аймағындағы кілемдері, Қашқар аймағының жаңа қара өрігі, Ақсу аймағының алмасы сияқты... Шыңжаңға тән ауылшаруашылық өнімдері мен онымен байланысты тауарлар теміржолдардың көмегімен елдің жер-жеріне тездетіліп жеткізіліп жатты. Шыңжаң теміржол басқармасының статистикасына сәйкес, Такламакан шөлін қоршаған теміржол салынғаннан бері биыл маусым айының ортасындағы жағдай бойынша Корла жүк орталығы мен Қашқар жүк орталығы барлығы 33,4958 миллион тонна жүк жөнелтті.

Бұл теміржол ежелгі Қашқар қаласын, Кроран қирандыларын және Күшәр гроттосының фрескаларын байланыстырады... Қытай теміржолы Үрімжі бюросының басшысы Сон Цян осы жылдың маусым айының ортасынан бастап Шыңжаңда шамамен 16,47 миллион ел ішіндегі жолаушы пойызбен жүргенін хабарлады. Ашылғаннан бері бір жыл ішінде Хотан-Чарқылық теміржолы шамамен 360 000 жолаушыны тасымалдады.

Пойыздар шөл даланы кесіп өтіп жатыр, ал мұндағы басты қауіп - құмды боран. Жолдың екі жағында ені жүздеген метр құм тосқауылдары, көгалдар мен өсімдік белдеулері пойыздарды «қорғайтын» жасыл белдеулер сияқты. Көшпелі құм төбелерден қатты зардап шеккен Хотан-Чарқылық теміржолының бойында құрылысшылар 50 миллион шаршы метрге жуық көгалдар салып, 12,96 миллионға жуық бұталар мен ағаштар отырғызды, мұндағы орманды алқап 7333 гектардан астам аумақты қамтып жатыр. Бұл «жасыл дәліз» жел мен құмның табиғи тосқауылына айналды.

Бұл теміржол циклі Шыңжаңнан тыс туристердің қатарын көбейтіп қана қоймай, Шыңжаңдағы барлық этникалық топ халқының барыс келісіне, білім алуына, емделуіне көптеген қолайлы жағдай жасады.

Жақында Шыңжаң Тяньшань тауының солтүстік беткейі экономикалық белдеуімен байланысты дамыту моделін қалыптастыратын Оңтүстік Шыңжаң Тарымды қоршаған экономикалық белдеу тұжырымдамасын ұсынды. Шөл теміржол желісі Оңтүстік Шыңжаңның дамуына негіз қалағаны сөзсіз. Әр жерлерде өнеркәсіптік кәсіпорындар белсенді түрде құрылып, болашаққа жоспарлар жасалып жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото