Электр энергиясын өндіруге арналған әлемдегі ең ірі су мен күн сәулесінің қосымша электр станциясы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 маусым
Электр энергиясын өндіруге арналған әлемдегі ең ірі су мен күн сәулесінің қосымша электр станциясы пайдалануға берілді

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусым күні Ялунцзян Лянхэкоу су электр станциясы су мен күн сәулесінің қосымша жобасының бірінші кезеңі-Сычуань өлкесінің Ганьцзы Тибет автономиялық облысы Яцзян ауданында орналасқан Кэла фотоэлектрлік электр станциясы-электр қуатын өндіру үшін электр желісіне қосылды. Бұл әлемдегі ең үлкен және теңіз деңгейінен ең биік су мен күн сәулесінің қосымша электр станциясының ресми түрде пайдалануға берілгенін көрсетеді. Аталмыш шара Сычуань өлкесі таза энергетика саласындағы маңызды жоба болып табылады.

Су мен күн сәулесі қосымшасы фотоэлектрді су қоймасына енгізіп, өздігінен өзгеретін фотоэлектрлік өндіріс оңтайландырылған кесте мен гидроагрегаттардың жылдам және икемді конфигурациясының арқасында еркін өзгеретін фотоэлектр энергиясын тегіс, жоғары сапалы және тұрақты электр көіне айналдырады. Су мен күн сәулесі қосылғаннан кейін тұрақты электр энергиясы өндіріледі. Бұл электр желісінің қауіпсіз және тұрақты жұмысына ықпал етеді әрі жаңа энергияны көбірек сіңіре алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото