Азиядағы нөмірі бірінші трансұлттық сарқырама ең көркем мезгілді қарсы алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 маусым
Азиядағы нөмірі бірінші трансұлттық сарқырама ең көркем мезгілді қарсы алды

27 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусымда су тасқыны маусымының ықпалымен Гуанси провинциясының Чунцзо қаласы, Дасинь ауданындағы Детянь трансшекаралық сарқырамасы жыл бойындағы ең көрікті мезгіліне жетті. Жақында Қытай мен Вьетнам арасындағы шекарада орналасқан Гуйчунь өзенінің жоғарғы ағысындағы су деңгейінің көтерілуінен трансұлттық сарқыраманың көрініс аймағында су мөлшері айтарлықтай жоғарылады. Детиан сарқырамасындағы мөлдір су ағыны сары түске боялып, «алтын сарқырамаға» айналды.

Трансұлттық Детиан сарқырамасы Қытай мен Вьетнам шекарасындағы Гуйчун өзенінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол көршілес Вьетнамдағы Баньо сарқырамасымен тоғысады. Бұл Азиядағы ең үлкен және әлем бойынша көлемі төртінші орындағы сарқырама.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото