Туристік тақырыптағы алғашқы «Универсиада» пойызы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 маусым
Туристік тақырыптағы алғашқы «Универсиада» пойызы іске қосылды

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы 29 маусымда сағат 10:04-те «Универсиада-Чэнду қаласындағы туристік тақырыптық пойызы » C3346 Чэнду Шығыс теміржол вокзалынан Яъань станциясына жол тартып, Сычуань өлкесінің Чэнду қаласында ресми түрде іске қосылған алғашқы «Универсиада» тақырыптық пойызы болды. Чэнду қалалық мәдениет, радио, теледидар және туризм бюросының мәліметі бойынша, осы шілдеде Сычуань өлкесінің Чэнду қаласында 31-інші дүниежүзілік Универсиада өтеді. «Универсиада» туристік тақырыптық пойызы спорттық мәдениетті Башу мәдениетімен, Пандалар мәдениетімен және Сычуаньға тән басқа да мәдени элементтермен біріктіру үшін іске қосылды, осылайша жолаушылар саяхат кезінде Сычуань мәдениетінің ерекше атмосферасы мен сүйкімділігін бір уақытта сезіне алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото