Қытайда алғаш рет! Гуанчжоудағы орта мектеп оқушысы динозавр жұмыртқасының қалдықтарын тапты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 шілде
Қытайда алғаш рет! Гуанчжоудағы орта мектеп оқушысы динозавр жұмыртқасының қалдықтарын тапты

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласындағы Чжэнцзя жаратылыстану мұражайы (бұдан әрі «мұражай» деп аталады) хабарлағандай,1 шілдеде мұражайда динозавр жұмыртқасы қазба қалдықтарының жаңа деректеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жиналыста қазба энтузиастары, Гуанчжоу орта мектебінің оқушысы Ни Цзицзе көрмеге динозаврдың жұмыртқасының 6 қалдығын көрсетті (HS00468-ден HS00473-ке дейін). Мұражай зерттеушісі және сыртқы зерттеуші, Қытай геология ғылымдары университетінің (Бейжің) доценті Син Лиданың зерттеу тобы HS00470 үлгісінің микроқұрылымы динозавр жұмыртқасы қалдықтарының микроқұрылымына сәйкесетінін және динозавр жұмыртқасы қалдықтары ретінде жіктелетінін айтты. Сондай-ақ динозавр жұмыртқасы қалдықтары елімізде бірінші рет табылғанын атап өтті.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Ни Цзицзе Гуанчжоудың Ливан аумағы Сихе жолының, Паньюй аумағындағы Гуанчжоу Оңтүстік теміржол вокзалының, Тяньхэ аумағындағы қаржы қалашығының және т.б. маңындағы құрылыс алаңдарында динозавр жұмыртқасының 6 қалдығын тауып, оларды 2022 жылдың қыркүйегінде мұражайға өткізеді. Осыдан кейін Қытайдың геология ғылымдары университетінің (Бейжің) доценті Син Лиданың зерттеу тобы жүйелі зерттеулерге кірісті.

Жақында зерттеу нәтижелері «Палеогеография журналы (ағылшын басылымы)» академиялық басылымында жарияланды. Бұл жолы табылған жұмыртқа қалдықтары Гуанчжоу қаласында динозаврлардың шамамен 90-70 миллион жыл бұрынғы Бор дәуірінің соңғы мезгілінде белсенді болғанын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото