- Барлық ақпарат
«Ланьчжоу-Қашқар-Ауғанстан» бағытындағы Орталық Азия пойызы алғаш рет жолға шықты
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 шілде
6 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 5 шілде күні алғашқы «Ланьчжоу-Қашқар-Ауғанстан» бағытындағы Орталық Азия пойызы Ганьсу (Ланьчжоу) құрлық портының халықаралық жүк орталығынан аттанды. Пойызға 39 контейнер жүк толығымен тиелген. Шыңжаңдағы Қашқар портына контейнерлерді алмастырғаннан кейін, Шыңжаңдағы Илкештан порты арқылы ел шекарасынан шығып, соңында Ауғанстанға жетеді.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, пойыз жол бойы контейнердің «теміржол+тасжол+теміржол» мультимодальды тасымалдау әдісін қолданады. Пойыздың жалпы тасымалдау қашықтығы шамамен 3125,3 шақырымды құрайды. Жолдың ұзақтығы 15 күнге созылады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online