Цзянсу өлкесінің Даньян қаласы - көзілдірік өнеркәсібінің астанасы (7)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 шілде
Цзянсу өлкесінің Даньян қаласы - көзілдірік өнеркәсібінің астанасы

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Цзянсу өлкесінің Даньян қаласы-көзілдірік линзаларын шығаратын әлемдегі ең ірі база. Бұл желі көзілдірікпен байланысты 1600-ден астам компания мен 50 000-нан астам жұмысшыларды біріктіреді. Линза өндірісінің жылдық көлемі 400 миллион данадан асып, елдегі жалпы өндірістің 3/4 бөлігін, жалпы әлемдік өндіріс көлемінің жартысын құрайды.

Даньян көзілдірік өнеркәсібі 1960 жылдары пайда болды. Ұзақ жылдар бойғы даму кезеңдерінен кейін, Даньян заманауи көзілдірік компаниялары автоматтандырылған өндіріс желілерін енгізіп, жұмысшылардың қолмен атқаратын жұмыс түрлері азайды. Мысалы, бір көзілдірікті тегістеуге 40 секунд уақыт жұмсалады. Кейбір кемшіліктер аздап жетілдіру деңгейінде ғана орын алады. Қатайту, жабу және басқа процестер өндіріс тиімділігіне қол жеткізу үшін машинамен орындалады. Сондықтан жұмыс өнімділігі жоғары.

Даньян дизайн, өндіріс және сатылымға негізделген көзілдірік өндірушілердің желісін құрды. Сонымен қатар, көзілдірік шығаратын компаниялар өнім сапасын жоғарылату үшін, көк жарықтан қорғау сияқты салаларда инновацияны оңтайлы енгізе алды. Даньянның әртүрлі шеберханаларында өндірілген көзілдірік өнімдерінің 100-деген түрі әлемнің 50-ден астам елі мен аймақтарында сатылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото