Чэнду Универсиадасының басты стадионы-Донань көлінің спорт паркі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 шілде
Чэнду Универсиадасының басты стадионы-Донань көлінің спорт паркі

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 31-інші Дүниежүзілік жазғы Универсиада Сычуань өлкесінің Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Донань көлінің спорт саябағы-универсиаданың негізгі стадионы және ашылу салтанаты өтетін орын.

Донань көліндегі спорт саябағы-Чэнду Универсиадасына арналып жаңадан салынған орын. Саябақтың жалпы ауданы шамамен 320 000 шаршы метрді құрайды және 334 гектар аумақты алып жатыр. Оған негізгі стадион, көпфункционалды спорт залы, жүзу және суға секіру залы мен шағын фотбол алаңы кіреді. Жарыс кезінде Донань көлі саябағында гимнастика және жүзу сияқты спорт түрлерінен маңызды іс-шаралар өтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото