Ханчжоу әуежайы Шығыс бөлімшесіндегі халықаралық жүк терминалы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 тамыз
Ханчжоу әуежайы Шығыс бөлімшесіндегі халықаралық жүк терминалы пайдалануға берілді

1 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Қытайдағы алғашқы «көп қабатты құрылым + интеллектуал» халықаралық жүк терминалы болып табылатын Ханчжоу Сяошань халықаралық әуежайының шығыс бөлімшесіндегі Халықаралық жүк терминалы пайдалануға берілді.

Ханчжоу әуежайының бұрынғы халықаралық жүк терминалымен салыстырғанда, Шығыс жаңа терминалдың құрылыс алаңы ескі жүк терминалының аумағынан бес есе дерлік ауқымды, көлемі 156 700 шаршы метрге жуық. Ал жүк пен поштаның жылдық жөнелтілімі 600 000 тоннаға жетеді.

Ханчжоу әуежайының Шығыс аймағындағы халықаралық жүк терминалы Чжэцзян провинциясындағы негізгі бастама және азиялық көлік кепілдігі жобасы болып табылады. Жалпы үш қабатты құрылым жалпыға ортақ жүк терминалы, экспресс-орталық/трансшекаралық тасымалдау орталығы және агенттік аймаққа бөлінеді.

Жүк терминалының негізгі корпусынан басқа, автомобиль платформасы, интеграцияланған бизнес ғимараты, кедендік тексеру орталығы, арнайы көлік қоймасы, кеден бекеті және борттағы басқару бөлмесі сияқты нысандар іске қосылған.

Жоба сонымен қатар ULD көтергіштері, паллет көтергіштері, шопырсыз AGV жүк көтергіштері, үш өлшемді ETV сөрелері, кедендік скринингтік сұрыптау желілері және қауіпсіздік скринингтік операциялары үшін қайтару желілері сияқты ақылды жабдықтармен жасақталған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото