- Барлық ақпарат
Цинхайда «Тұлпар мекені» ұлттық мәдени іс-шарасы басталды (5)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 тамыз
![]() |
8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сайдам ойпатында орналасқан Цинхай өлкесінің Хайси Моңғол-Тибет автономды облысының Тяньцзянь ауданы көркем көрінісімен ерекшеленеді және оның «Тұлпар мекені», «Қасиетті көлдің бастауы» деген атауы бар. 6-10 тамыз аралығында Тяньцзянь ауданында 2023 жылғы мәдени туризм және өнер фестивалі ашылды. Жергілікті тұрғындар үшін бұл аса қастерлі мереке. Фестиваль кезінде жергілікті тұрғындар іс-шараға қатысу үшін ұлттық киімдерін киіп, әйелдер мен балалар да атқа мініп, мерекенің салтанатын асырады. Сонымен қатар Тяньцзян шалғындарында ат жарысы, арқан тарту, бұқаша тартыс, садақ ату, ауыр атлетика, Тибет күресі, қодас жарысы және басқа да көптеген этникалық ерекшелігі бар іс-шаралар ұйымдастырылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online