Қытайдың Ченду қаласында өткен XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 тамыз
Қытайдың Ченду қаласында өткен XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ченду қаласында өткен XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті.

Жазғы универсиадада 118 елден келен 7500 ойыншы 18 спорт түрінде бақ сынап, 269 медаль жиынтығын сарапқа салды. Медальдар кестесінде 1-орын алған Қытай спортшылары 178 медальға (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) ие болды. Одан кейінгі орындардағы Жапония - 93 (21-29-43), Оңтүстік Корея - 58 (17-18-23) медаль алды.

Қазақстан құрамасы сапындағы 93 спортшы студент 11 спорт түрінен 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы командалық есепте 20 жүлдемен 20 орынға тұрақтады.

Енді 2025 жылғы Жазғы универсиада Германияның Рейн-Рур аймағында өткізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)

Фото