- Барлық ақпарат
«Уақыт пойызы» Бейжіңде танымал болды (4)
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14 тамызда көпшілік метроның «уақыт пойызы» бекетіне бару үшін Бейжің метросының 1-жолына қарай жүгірді. Бейжің метросының «уақыт пойызы» жақында сынақтан өтті. Бұл Бейжің метрополитенінің жолаушыларға қызықты «уақыт саяхаты» тәжірибесін бірінші рет ұсынуы. «Уақыт пойызы» 6 вагоннан тұрады. Пойыздың басы мен аяғындағы екі вагон 1960-ыншы жылдардағы DK2 вагондары мен 1970-інші жылдардағы DK3 вагондары стилінде жасалған. Екінші және бесінші вагондар 1980-інші жылдардағы DK11 және 1990-ыншы жылдардағы DKZ4 пойыздарының нұсқасында орындалған. Ортадағы үшінші және төртінші вагондарында жаңа ғасырдың «Қос олимпиада» элементтері орын алған. Олимпиада айшықтары 2008 жылдың 8-інші жол олимпиадалық бағыты DKZ15 вагондары мен қысқы Олимпиада филиалына арналған зерделі қар-мұз пойызына негізделіп жасалған.
people.cn © People's Daily Online