Си Цзиньпин БРИКС елдері шеңберінде экономикалық, сауда және қаржылық ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 тамыз
Си Цзиньпин БРИКС елдері шеңберінде экономикалық, сауда және қаржылық ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сәрсенбіде Йоханнесбургте БРИКС елдері арасындағы сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты тереңдетуге және экономикалық дамуды қолдауға шақырды.

БРИКС елдері көшбасшыларының он бесінші кездесуінде Си Цзиньпин қазіргі таңда әлемдік экономиканың жандануына тұрақтылық жетіспейтінін, дамушы елдер анағұрлым қатаң сындарға тап болып, тұрақты даму мақсаттарына жету қиындай түскенін атап өтті.

«Біз экономикалық дамуға ықпал ету үшін экономикалық, сауда және қаржылық ынтымақтастықты тереңдетуіміз керек. Даму - бірнеше елдің жеке «патенті» емес, барлық елдің өз қолындағы құқығы». Си Цзиньпин тағы былай деді: «БРИКС елдері даму мен жандану жолында сапарлас болуы керек, «Саптан бөлініп, тізбекті үзуге» және экономикалық мәжбүрлеуге қарсы тұруы керек».

ҚХР Төрағасы прагматикалық ынтымақтастыққа, әсіресе цифрлық экономика, жасыл даму және жеткізілім тізбегі саласында назар аудару қажет екенін атап өтті.

Қытай «Жаңа дәуірдегі Қытай-БРИКС ғылыми-техникалық инновациялар инкубаторын» құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото