Ханчжоу Азия ойындарына билет сатып алудың офлайн арнасы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 тамыз
Ханчжоу Азия ойындарына билет сатып алудың офлайн арнасы іске қосылды

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 23 тамызында Ханчжоудағы 19-ыншы Азия ойындарына билеттерді офлайн сатып алу арнасы өз жұмысын бастады. Бұл көпшіліктің спорттық іс-шара билеттерін офлайн сатып алуына және электронды билетті қағаз билетке айырбастауына мүмкіндік берді.

Ақпараттарға сәйкес, Ханчжоудағы Азия ойындарына билеттерді офлайн сатып алудың ресми арналарына Ханчжоу, Нинбо, Вэньчжоу, Хучжоу, Шаосин және Цзиньхуаны қамтитын бес қаладағы жарыс алаңының билет сататын кассалары мен ресми билеттерді сату орындары (ICBC outlets) кіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото