Қытайдағы алғашқы 10 000 метрлік геологиялық барлау ұңғымасын бұрғылау тереңдігі 6000 метрге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 тамыз
Қытайдағы алғашқы 10 000 метрлік геологиялық барлау ұңғымасын бұрғылау тереңдігі 6000 метрге жетті

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Шыңжаңдағы Такламакан шөлінің ішкі бөлігінде орналасқан Қытай мұнайы Тарым мұнай кен орны үнемі жаңа белестерді ашып келеді. Жақында тереңдігі 8000 метрден асатын 104 терең ұңғымалар сәтті бұрғыланды. Бұл нәтиже тереңдігі 10 000 метр ұңғыма жобасы үшін жеткілікті негізгі жағдайларды, техникалық дайындықты және тәжірибе жинақтауды қамтамасыз етті.

Тарым ойпаты мұнай мен газға бай, бірақ геологиялық құрылымы өте күрделі. Осы жылдың 30 мамырында Қытай мұнайы Тарым мұнай кен орнында Қытайдағы алғашқы 10 000 метрлік геотехникалық барлау ұңғымасы ресми түрде бұрғыланды. Ұңғымада еліміз дербес әзірлеген, тереңдігі 12000 метр болатын әлемдегі алғашқы ультра терең ұңғымаларға арналған автоматтандырылған бұрғылау қондырғысы орнатылған. Өндіріс жұмыстарды 457 күнде аяқтауды жоспарлап отыр. Ал бұрғылаудың мақсатты тереңдігі 11 100 метрді құрайды.

Мәліметтерге сәйкес, 27 тамыздағы жағдай бойынша қазір бұрғылау тереңдігі 6000 метрге жеткен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото