Ханчжоу көшелеріне телефон қуаттауға болатын әлеуметтік орындықтар қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 тамыз
Ханчжоу көшелеріне телефон қуаттауға болатын әлеуметтік орындықтар қойылды

29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Азия ойындары жақындап келеді. Жақында Ханчжоу тұрғындары жергілікті әлеуметтік орындықтардың жаңартылғанын байқады, орындықтар телефонды сымсыз зарядтай алады. Сонымен қатар қарапайым қуаттау көздері де бар, бұл ұялы телефондарды көшедегі орындықтар арқылы тікелей зарядтауға мүмкіндік берді.

Бұл орындықтар қаланың желі қолданушылары арасында қызу тақырыпқа айналды. Көптеген қала тұрғындары Ханчжоудың қоғамдық құрылғыларында жаңа өзгерістер болғанын талқылып жатты. Мысалы, Азия ойындары ауылының бағдаршамдарында «талисман» көрсетіледі; Азия ойындарының арнайы пойызындағы мөлдір голографиялық бейне терезеден метро маршрут картасы және Ханчжоу тағамдары көрсетіледі; Ханчжоудағы алғашқы «бұлт автобус» іске қосылды, оны телефон арқылы шақыруға болады, тек бір юань жұмсасаңыз, автобус 10 минут ішінде жетіп келеді; Азия ойындарының элементі қамтылған қоғамдық велосипедтер көшелерге қойылды және т.б. Ханчжоу Азия ойындарының қарсаңында қалалық қызметтердің сапасын барынша жетілдіріліп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото