Қытайдың «мұнай қаласы» Дациндегі жасыл дамудың жаңа серпіні: ақылды + төмен көміртекті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қыркүйек
Қытайдың «мұнай қаласы» Дациндегі жасыл дамудың жаңа серпіні: ақылды + төмен көміртекті

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Дацин мұнайдың арқасында пайда болып, мұнай әлеуеті арқылы өркендеген, ресурсқа бай өкіл қала. Соңғы жылдары Хэйлунцзян өлкесінің Дацин қаласы ресурстарға негізделген қаланың өзгеруін жеделдетіп, үздіксіз өндіріске кепілдік етумен бірге, экологиялық ортаны қорғауға назар аударып келеді. Сол арқылы қала мен мұнай кен орнының тұрақты дамуы үшін берік негіз қалады.

Дацин мұнай кен орны «Экологиялық таза және төмен көміртекті тұрақты дамудың демонстрациялық базасын» салуға мән беріп, жел, жарық, газ және электр энергиясының интеграциясы мен дамуын қарқынды түрде алға жылжытты. Кен аймағы 2025 жылға қарай таза энергияға ауысу деңгейін 20%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото