Си Цзиньпин Хэйлунцзян өлкесінің Шанчжи қаласындағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға хал сұрай барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қыркүйек
Си Цзиньпин Хэйлунцзян өлкесінің Шанчжи қаласындағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға хал сұрай барды

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйек күні таңертең ҚХР төрағасы Си Цзиньпин су тасқынынан зардап шеккен Харбиндағы Шанчжи қаласының ауылдарындағы тұрғындарға хал сұрай барды.

Төраға ауылшаруашылық жерлеріне барып, күріштің апатқа ұшырау жағдайын, бүлінген үйлер мен инфрақұрылымдарды жөндеу және қайта құру барысын тексерді.

Төраға Си Цзиньпин ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, хал-ахуалдарын сұрады. Апаттан зардап шеккен тұрғындардың жағдайлары мен тұрмыстық қамтамасыз етілу жайын айқындады. Төраға көпшілікке орын алған күрделі ахуалды еңсеріп, тұрмыс пен өндірісті ертерек қалпына келтіріп, алдағы уақытта бұқара өмірінің жақсаруына сенетінін білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото