Цзянсудың Наньтун қаласындағы Люйсы порт аумағындағы қауырт жұмыс

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 қыркүйек
Цзянсудың Наньтун қаласындағы Люйсы порт аумағындағы қауырт жұмыс

12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Үлкен жүк көліктері қайшалысып, крандар қауырт жұмыс үстінде... Бірнеше күн бойы Цзянсу өлкесінің Нантун қаласы, Люйсы портындағы 2+2 терминалы (екі жалпы терминал және екі контейнер терминалы) қарбалас кезеңге өтті. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, осы жылдың қаңтарынан тамызына дейін терминалмен жұмыс істейтін кемелердің жалпы саны 200-ден асты. Қабылдаған және жөнелткен контейнер 46000 TEU болды. Оның бағыттары Нидерланды, Швеция, Ресей, Австралия және басқа елдерді қамтиды.

Люйсы порты солтүстігінде Сары теңізбен, оңтүстігінде Янцзы өзенімен шектеседі. Оның 22 шақырымдық терең теңіз жағалауы бар. Бұл Наньтондағы Датунчжоу шығанағының маңызды бөлігі. Люйсы порты 2022 жылдың қазан айында ресми түрде ашылған болатын. Порт аймағында порт операцияларын автоматтандыру және өндірісті интеллектуалды басқару үшін 5G, Beidou және Заттар интернеті сияқты технологиялар қолданылады. Ол Шанхай халықаралық тасымалдау орталығының маңызды бөлігіне айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото