Ханчжоуда «Алуан түсті Азия: азиялық киім көрмесі» ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 қыркүйек
Ханчжоуда «Алуан түсті Азия: азиялық киім көрмесі» ашылды

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоудағы Азия ойындарының ашылу қарсаңында «Алуан түсті Азия: азиялық киім көрмесі» 2 қыркүйекте Ханчжоудағы Қытай Жібек мұражайында көрермендерге ресми түрде ашылды.

Көрме алты блокқа бөлінген, алғашқы бес блокта 27 елден 140 киім (жиынтық) қойылған. Мұнда Азия елдерінде 18-20 ғасырлардағы әртүрлі стильдер мен қолөнер, сондай-ақ әртүрлі мәдени дәуірлердегі киім-кешектер қамтылған. Алтыншы блок «азиялық тоқыма шеберлігі туралы диалог» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген баспа, бояу, тоқу және кесте тігу қолөнерінің мұрагерлерінің 5 тобын көрермендерге дәстүрлі азиялық костюмдердің жанды демонстрациясын және тәжірибе алмасуды ұсына отырып, шеберлік сабақтарын өткізуге шақырады.

Көрме 12 қарашаға дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото