Қытайда жасалған алғашқы отандық 50 футтық контейнерлік теміржол көп салалы экспресі жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 қыркүйек
Қытайда жасалған алғашқы отандық 50 футтық контейнерлік теміржол көп салалы экспресі жолға шықты

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қыркүйекте Шанхай, Гуанчжоу, Чанша, Куньмин сынды төрт бағыттан 50 футтық контейнерлерді тасымалдайтын көп салалы теміржол экспрестері жолға шықты. Енді экспресс теміржол жүктерін тұрақты тасымалдай бастайды. Мәліметтерге сәйкес, 50 футтық контейнерді ұлттық теміржол мамандары дербес әзірлеген. Контейнердің жалпы салмағы 36 тонна, жүктемесі 30,85 тонна және көлемі 114,4 текше метр. Бұл халықаралық стандарттағы 40 футтық қораптың көлемінен 50%-ға артық. Қазіргі уақытта Қытайдағы ең үлкен бұл контейнерлер теміржол жүк пойыздарын тиеу және тасымалдау қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. Әрі онлайн тестілеу мен қауіпсіздікті бағалаудан сәтті өтті.

Контейнерлердің бұл түрі пайдалануға берілген соң, Қытайдағы ішкі контейнерлік тасымалдау мүмкіндіктері айтарлықтай артып, логистикалық шығындар барынша төмендейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото