Си Цзиньпин Чжэцзян өлкесінің Шаосин қаласына қызметтік тексеріспен барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 қыркүйек
Си Цзиньпин Чжэцзян өлкесінің Шаосин қаласына қызметтік тексеріспен барды

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қыркүйекте түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Чжэцзян өлкесінің Шаосин қаласына барды. Ол «Фенцяо тәжірибесінің» пайда болуымен және дамуымен танысу үшін «Фенцяо тәжірибесі» көрме залына барды. Сондай-ақ Чжэцзян каналының мәдени саябағына барып, ежелгі каналдың даму тарихы мен эволюциясы, үлкен каналды қорғау және Ұлттық мәдени саябақ құрылысымен танысты.

1960 жылдары пайда болған «Фенцяо тәжірибесі» жергілікті кадрлардың жасампаздығынан және саяси заңгерлік жұмыс тәжірибесінен туындаған. Оның негізгі мәні – әлеуметтік және халықтық мәселелерді шешу үшін жергілікті халықтың күшіне сүйену.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото