Ресей тарихындағы алғашқы панда баласының жынысы анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 26 қыркүйекте Ресей тарихындағы панданың алғашқы күшігінің бірқатар фотосуреттері жарияланды. Суреттер панда төлінің туғанына бір ай толуына орай, медициналық тексеру кезінде түсірілген. Мәскеу хайуанаттар бағы бір айға толған панда баласының жынысы ұрғашы екенін жариялады. Еске сала кетсек, Мәскеу хайуанаттар бағында 30 тамыз күні «Тинтин» есімді панда жергілікті уақыт бойынша 24 тамызда таңертең төлдегені туралы ақпарат жеткен еді. Бұл Ресейде дүниеге келген панданың алғашқы баласы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото