Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2023 жылғы Ұлттық телевизиялық фестивалі Нанкинде өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 қыркүйек
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2023 жылғы Ұлттық телевизиялық фестивалі Нанкинде өтті

27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қыркүйекте Нанкинде 2023 жылғы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ұлттық телевизиялық фестивалі ашылды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Саяси Бюросының мүшесі және Орталық үгіт-насихат басқармасының министрі Ли Шулэй бейнетүсірілім арқылы сөз сөйледі.

Фестиваль барысында тақырыптық диалогтар, радио, теледидар және аудиовизуалды контент технологияларының көрмелері сияқты іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ұлттық телевизиялық фестивалінің бастамасы» шығарылады. Телевизиялық фестивальге Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің үкіметтік радио және теледидар ведомстволары мен бұқаралық ақпарат құралдарынан 150-ге жуық қонақтар қатысты. Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ШЫҰ елдерінен аудиовизуалды жұмыстар көрмесі өтеді.

Кездесуде қытайлық және шетелдік қонақтар мынадай ортақ жайтты айтты: «Біз Шанхай рухын» ілгерілету, алмасулар мен ынтымақтастықты тереңдету, аудиовизуалды туындылар арқылы бүкіл әлемге Шанхай келбетін баяндау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Сол арқылы бейбіт даму тұжырымдамасын насихаттау және прагматикалық ынтымақтастықтың халықтық негізін қалауға тиістіміз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото