«Бір белдеу, бір жол» мәдени жәдігер және археологиялық ынтымақтастық көрмесі Бейжіңдегі Гугун мұражайында ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 қазан
«Бір белдеу, бір жол» мәдени жәдігер және археологиялық ынтымақтастық көрмесі Бейжіңдегі Гугун мұражайында ашылды

2 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қыркүйекте Гугун мұражайында «Бес құрлық және төрт мұхит - «Бір белдеу, бір жол» мәдени жәдігер және археологиялық ынтымақтастық» көрмесі ашылды.

Төрт бөліктен тұратын көрмеде барлығы 84 қытайлық және шетелдік экспонаттар бар. Көрмеге Өзбекстан, Қазақстан және Біріккен Араб Әмірлігінің 4 мәдени көрме мекемелерінің мәдени жәдігерлері, сондай-ақ Қытайдың 10 өлке-аймақ-қаласындағы 13 мұрағаттар мекемесінің жәдігерлері жинақталған.

Көрмені ұйымдастырушы мемлекеттің Мәдени жәдігерлер басқармасы: «Бұл құнды мәдени жәдігерлер Ұлы Жібек жолындағы өркениет алмасуы мен өзара танылуының тарихи траекториясын ашады. Археологиялық және тарихи ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру бойынша Қытай-шетелдік бірлескен жұмыстың нәтижелерін көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

2023 жылы «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бастамасына 10 жыл толды. Осы жылдардың ішінде Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер мәдени жәдігерлер саласындағы алмасулар мен ынтымақтастықты тереңдетуге бірлесіп үлес қосты және жемісті нәтижелерге қол жеткізді.

Мәліметтерге сәйкес, соңғы 10 жылда Қытай Өзбекстан, Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты 24 елмен 44 бірлескен археологиялық жобаны, Өзбекстан және Камбоджа сияқты 6 елде тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру бойынша 11 жобаны жүзеге асырды. Әлемнің әр елімен ынтымақтасып, ел ішінде және шетелдерде 500-ден астам мәдени жәдігерлер көрмесін өткізді.

Көрме 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото