Спорттық рух ешқашан жаспен шектелмейді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қазан
Спорттық рух ешқашан жаспен шектелмейді
48 жастағы гимнастика аңызы Чусовитина

4 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Азия ойындарының алаңына жаңа жас ойыншылар қосылды, алайда ардагер ойыншылар да күш-жігерін жоғалтқан жоқ. Сегіз қырлы жауынгер Малун үстел теннисінен ерлер құрамасы үшін шешуші матчта жеңіске жетті; Геркулес Гун Лицзяо Азия ойындарында әйелдер арасындағы шойын доп лақтырудан қатарынан үш кезек бас жүлдеге ие болды; жеңіл атлетика жұлдызы Се Чжэньие «100 метрдің жүйрігі» атанды; «Жігерлі раушан» Ван Шаньшань әйелдер футбол командасын бастап алға тартып келеді; 48 жастағы гимнастика аңызы Чусовитина әлі де тірек секіруде әріптестерінің адымын аштырмай келеді... Бұл ардагер жауынгерлер әр жолы бар қуатын бойына жинап, өз мұраты үшін күресуден танған емес. Олар спорттық рухтың ең жақсы үлгісі!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото