Цзиньхуа, Чжэцзян: «Исиньоу» Қытай-Еуропа пойыздары тасымал жұмысымен қауырт айналысып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қазан
Цзиньхуа, Чжэцзян: «Исиньоу» Қытай-Еуропа пойыздары тасымал жұмысымен қауырт айналысып жатыр

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 6 қазанында Чжэцзян провинциясы, Цзиньхуа қаласы, Цзиндун ауданындағы Шығыс Қытай халықаралық интермодальды портында, 110 стандартты экспорттық контейнер тиелген Қытай-Еуропа «Исиньоу» (Иу-Шыңжаң-Еуропа) пойызы Оңтүстік Цзиньхуа теміржол вокзалынан шығып, Орталық Азияның бес еліне бет алды. Күз ортасы фестивалі мен мемлекеттік мереке кезінде «Исиньоу» Қытай-Еуропа пойызы желісі Цзиньдун платформасынан 1082 стандартты контейнері бар 12 пойыз жөнелтті.

Қытай темір жолының Шанхай бөлімшесі тобы Цзиньхуа жүк орталығының статистикасына сәйкес, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Цзиньдунның «Исиньоу» пойыз платформасы биыл 662 пойыз жіберді, барлығы 53 620 стандартты контейнер, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото