Ганьчжоу, Цзянси: жаңа энергетикалық көліктердің экспорттық жеткізілімдері қызу жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қазан
Ганьчжоу, Цзянси: жаңа энергетикалық көліктердің экспорттық жеткізілімдері қызу жүріп жатыр

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянси өлкесінің Нанкан аумағындағы Ганьчжоу халықаралық құрлық портының жүк алаңында үлкен көлемді көтеру жабдықтары экспортқа шығатын электрлік көліктерді қарбалас тиеп жатты.

Ганьчжоу халықаралық құрлық порты теміржол-теңіз интермодальды тасымалы арқылы энергетикалық көліктерді Шэньчжэнь Янтян портына арнайы теміржол жүк пойызымен жеткізіп, одан әрі «Бір белдеу, бір жол» серіктестеріне теңіз жолымен тасымалдайды. Осылайша Қытайдағы «үш жаңаның» (электрлік көлік, литий батареясы және күн батареясы) бірі электрлік көліктердің әлемдік нарыққа көтерілуіне көмектеседі. Биыл Ганьчжоу халықаралық құрлық порты жағалаудағы қалалардың порттарына барлығы 10 000-ға жуық жаңа энергетикалық көлік жіберді, содан кейін жүк кемелері арқылы «Бір белдеу, бір жол» серіктестеріне қарай жөнелтіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото