Әлемдегі ең ірі «Жерорта теңізі · Қытай» контейнерлік кемесі Шанхайда табыс етілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қазан
Әлемдегі ең ірі «Жерорта теңізі · Қытай» контейнерлік кемесі Шанхайда табыс етілді

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қазанда Қытай кеме жасау корпорациясының еншілес кәсіпорны Jiangnan Shipbuilding компаниясы жасаған 24 000 көнтейнер жүктеуге болатын әлемдегі ең үлкен «Жерорта теңізі · Қытай» контейнерлік кемесі жасалып болып, мерзімінен бір ай бұрын табыс етілді.

Кеменің бұл түрін Қытайдың Hudong Zhonghua кеме жасау зауыты жобалаған, Норвегияның жіктеу қоғамына тіркеледі. Кеменің жалпы ұзындығы 399,99 метр, ені 61,5 метр, тереңдігі 33,2 метр, палубаның ауданы 4 стандартты футбол алаңына жақын, төсеу қабаттарының максималды саны 25 қабатқа жетуі мүмкін, бұл 22 қабаттың биіктігіне тең. Оған 24 116 контейнер жүктеуге болады. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі ең үлкен сыйымдылығы бар контейнерлік кеме, оны теңіздегі «супер тасымалдаушы» деп атауға болады.

«Жерорта теңізі · Қытай» 13 қазанда сапарға шығып, Нидерландтың Роттердам портына барады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото