Күзде Шыңжаңдағы Эйби көлінің жағасында тырналар тыраулай ұшты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қазан
Күзде Шыңжаңдағы Эйби көлінің жағасында тырналар тыраулай ұшты

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы Бұратала Моңғұл автономиялы облысындағы Эйби көлінің жағасы күз келбетіне еніп, қайтқан құстардың қатары көбейді. Эйби көлі ұлттық табиғи қорығының сазды жерінде тыраулай ұшқан тырналар жем-шөп теріп жеп, бұл араны өздерінің жылы жаққа ұшып кетердегі тыныстайтын бекетіне айналдырған. Кейде ондаған, кейде жүздеген тырналар қоныс аударып, тамаша көрініс қалыптастырады.

Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты, көбірек құстар Эйби көлі ұлттық табиғи қорығындағы сазды жерге келіп тыныстап, тіпті осында мекендейді. Жыл сайын қазан айында көлдің маңынан қайтқан құстардың қарасы үзілмей, олардың түрі 200-ден астамға жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото