ҚазҰУ-да ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қазан
ҚазҰУ-да ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды

12 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына осы жылдың мамыр айында жасаған мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісім жасалған еді.

Екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо ынтымақтастық орнату және филиал ашу туралы келісімге қол қойған болатын. Аталған келісім негізінде 12 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.

Салтанатты шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті Кеңесінің Төрағасы Ли Янронг бастаған делагация, ҚХР Қазақстандағы Бас консулы Цзян Вэй, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ЖОО ректорлары, ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото