«Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі форумының Жаңалықтар орталығы жұмысын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 қазан
«Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі форумының Жаңалықтар орталығы жұмысын бастады

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жоғары деңгейдегі форумының Жаңалықтар орталығы іске қосылып, жұмыс істей бастады. Жаңалықтар орталығы тілшілердің жұмыс қажеттіліктерін және кешенді ақпарат жариялау қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар ғылым, техника және мәдениеттің жетістіктерін интерактивті түрде көрсету сияқты көптеген мүмкіндікке ие.

Жаңалықтар орталығында әлемнің түкпір-түкпірінен келген тілшілер Бейжіңнің әр қырын барынша терең сезінуіне болады. Ғылым, техника және мәдениеттің интерактивті көрме аймағында тілшілер 8K, 360 градус виртуалды түсірілім, жасанды интеллект және басқа да технологиялық құралдар арқылы Бейжіңнің даму жетістіктерімен және көркем жерлерімен толық таныса алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото