Бейжіңде халықаралық сым тор көрмесін насихаттау бойынша кездесу өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қазан
Бейжіңде халықаралық сым тор көрмесін насихаттау бойынша кездесу өтті

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 22-24 қазан аралығында Хэбэйдің Аньпин қаласында «China Anping International Mesh Fair 2023» халықаралық сым тор көрмесі өтеді. Қытай Коммунистік партиясының Аньпин аудандық партия комитетінің хатшысы Цао Сяньдун бұл туралы Бейжіңде өткен насихаттау жиналысында мәлімдеді.

Көрме барысында шетелдік кәсіби сатып алушылар үшін тікелей сатып алу кездесулері, ғылыми және технологиялық жетістіктерді көрсету, Хэбэй өлкесіндегі шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік өнеркәсіптік кластерлерінің инновациялық мүмкіндіктері бойынша тренингтер сияқты бірқатар іскерлік іс-шаралар өткізіледі.

Айта кету керек, мұндай шараларға шетелдік кәсіпкерлердің қатысуы едәуір көбейді. Қазіргі уақытта Ресейден, Сингапурдан, Сауд Арабиясынан және басқа елдерден 138 кәсіпкер сатып алуға қатысқандарын растады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото