Басқарылатын «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесінің қайтарылған кабинасы жерге сәтті оралды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 қазан
Басқарылатын «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесінің қайтарылған кабинасы жерге сәтті оралды

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қазан күні сағат 8:11-де басқарылатын «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесінің қайтарылатын кабинасы Дунфэн алаңына сәтті қонды. Оқиға орнында бақылау мен медициналық сақтандыруды жүзеге асырған сала қызметкерлері ғарышкерлер Цзин Хайпэн, Чжу Янчжу және Гуй Хайчаодың денсаулығының жақсы екенін растады. Сөйтіп «Шэньчжоу-16» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшу миссиясы толық табыспен аяқталды.

Еске сала кетсек, 30 мамырда «Шэньчжоу-16» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото