Бейжіңде Қазақстанның кино апталығы өтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 қараша
Бейжіңде Қазақстанның кино апталығы өтіп жатыр

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы 2 қараша күні Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі Бейжіңде Қазақстанның кино апталығының шымылдығын ашты. Кино апталығы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық кинематография басқармасының өкілдері, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің елшілері сияқты құрметті қонақтар қатысты.

«Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалды бастаған «Томирис», «Біржан сал», «Шал», «Адемоканы оқыту», «Композитор», «Патриоттар дәуірі» және «Мұзбалақ» фильмінің актерлері, режиссерлері мен продюсерлері келді. Әрі жиналған жұртшылыққа жоғарыдағы фильмдердің қысқаша немесе толық бөлімдері қойылды.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев екі ел арасындағы мәдени және гуманистік ынтымақтастықты, әсіресе кино саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндігі бар екенін, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» сияқты фильмдердің дамуы жалғасын табатынын жеткізді.

Іс-шара күн тәртібі бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, Ұлттық кинематография басқармасының басшысы, «Қазақфильм» АҚ төрағасы сөз сөйлеп, кино апталығының табыспен ашылуына тілектер білдірді.

Кино апталығы аясында екі тарап «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қытай ақпарат тарату университеті арасындағы академиялық алмасу туралы меморандумға», «Шәкен Айманов атындағы Қазақ кино компаниясы мен Yijia International Cultural Exchange Co., Ltd (Қытай) кино саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды.

Екі тарап арасындағы алдын ала уағдаластыққа сәйкес Қытайдың басқа да ірі қалаларында қазақстандық фильмдердің көрсетілімін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото