Ужэнь, Чжэцзян: «Цифрға» мініп арман қуу және болашаққа беттеу

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қараша
Ужэнь, Чжэцзян: «Цифрға» мініп арман қуу және болашаққа беттеу

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Робот дайындаған бір шыныаяқ кофе ішу, роботпен шахмат ойнау, жасанды интеллект камерасының алдында спортшылармен суретке түсу… Бүгін Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында 2023 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференцияның «интернет жарығы» көрмесі ашылды. Стендте ұсынылған «ғажап технологиялар» келушілерді ерекше баурады.

Учжэньде өткен Дүниежүзілік интернет конференциясының 10 жылдығына орай, «Интернет жарығы» көрмесі де көрменің оныншы жылын ашты. Биылғы көрменің маңызды сәттері «инновация», «өзара іс-қимыл», «интернационалдандыру» және т. б. кілт сөздерге айналды.

Көрме «Офлайн нақты көрініс + онлайн бұлт көрмесін» біріктірді. Жасанды интеллект, болашақтың интеллектуалды өндірісі, цифрлы ауыл және т. б. «1+6+3» көрме алаңы офлайн режимінде ұйымдастырылды. 365 күн бойы аяқталмайтын «Интернет жарығы көрме залы» онлайн режимде құрылды. Көрме 48 ел мен аймақтан 580-нен астам компанияны офлайн және онлайн түрде қатысуға тартты, бұл жылы жаңа өнімдер мен технологиялардың 100-ге жуық тұсаукесері өтеді.

Сонымен қатар биыл көрмеде алғаш рет «Болашақтың көрінісі» тақырыбымен болашақ өмірге арналған цифрлық тәжірибе залы ашылып, «өмір тенденцияларынан ләззат алу», «қалалық жағымды көлік» және «сенсорлық ойын-сауық патшалығы» сияқты бес негізгі сектор инновациялық түрде құрылды. Оның ішінде 10-нан астам интерактивті жобалар көрермендерге болашақты тереңінен сезінуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото