Си Цзиньпин Бейжің мен Хэбэй де апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді (8)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қараша
Си Цзиньпин Бейжің мен Хэбэй де апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 10 қарашада Бейжің мен Хэбэйге барып, осы жаздағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Төраға барлық деңгейдегі партия комитеттері мен үкіметтері апаттан кейін қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыруы керек екенін, халықтың бейбіт өмір сүріп, орнықты жұмыс істеуіне және қыстан қиналмай шығуына жағдай жасау керек екенін атап өтті.

Си Цзиньпин біз адамды өзек етуді ұстануымыз керегін, әлсіз тұстарды толықтырып, су тасқынына қарсы инженерлік жүйені және төтенше жағдайларды басқару жүйесін жетілдіруді жеделдетуіміз керегін, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу, олардың салдарын азайту және табиғи апаттардың салдарын жою мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керегін атап өтті.

Шілденің аяғы мен тамыздың басында Бейжің, Хэбэй және басқа жерлер қатты жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегіп, көп шығын болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото